"Өзенмұнайгаз" мұнай компаниясы 2003-жылдың бірінші жартысында 2,5 млн. тоннадан астам мұнай өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзенмұнайгаз" мұнай компаниясы 2003-жылдың бірінші жартысында 2,5 млн. тоннадан астам мұнай өндірді

"Өзенмұнайгаз" мұнай компаниясы 2003-жылдың бірінші жартысында 2,5 млн. тоннадан астам мұнай өндірді

"ҚазақМұнайГаз" Ұлттық мұнай компаниясының салалық кәсіпорны болып табылатын "Өзенмұнайгаз" ААҚ 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында 2 млн.599 мың тонна мұнай өндірді. Ал өткен жылдың осы мерзімінде 2 млн.358 мың тонна өнім шығарған болатын.

  • 25 Шiлде 2003
  • 808
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне «Өзенмұнайгаз» компаниясының мұнай өндіру департаментінен хабарлады.

2003 жылдың бірінші жартысында компания 577,394 млн. текше метр газ ( 2002-жылдың осы мерзімінде 604, 47 млн. текше метр ) өндірді. Соның ішінде ілеспе газ өндіру мөлшері 103,88 млн. текше метрге (94,2 млн. текше метр) дейін артса, ал табиғи көгілдір отын өндіру мөлшері 473,514 млн.текше метрге дейін азайды (2002-жылы 510,27 млн. текше метр болған).
2003-жылдың бірінші жартысында газ конденсатын өндіру көлемі 3 мың 145 тоннаға азайып, 13 мың 945 тоннаны құрады (2002-жылы 17 мың 090 тонна). 2003-жылдың алғашқы жартысында компания 554 ұңғыны күрделі жөндеуден өткізу нәтижесінде қосымша 79,907 мың. тонна мұнай өндірді. Ал өткен жылдың осы мерзімінде 543 ұңғыны күрделі жөндеуден өткізу нәтижесінде қосымша 62,159 мың. тонна мұнай өндірген.
2003-жылдың 6 айында Өзен газ өңдеу зауытында 36 мың 700 тонна сұйытылған көгілдір отын (23 мың 600 тонна) , 22 мың400 тонна пентан-гексан фракциясы (24 мың 500 тонна) мен 458,218 млн.текше метр құрғақ газ (515,606 млн. текше метр) өндірілді.
Компанияның ұңғымаларды бұрғылау және жөндеу департаментінен хабарлауынша, биылғы жылдың бірінші жартысында 49 ұңғыма бұрғыланды. Бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 9 ұңғымаға артық. 5035 ұңғымада жер асты жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды. (2002-жылы 4900 ұңғы жөнделді) .
2003-жылы компания жаңадан 100 ұңғы бұрғылауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қазір жұмыссыз тұрған 95 мұнай және 49 айдау ұңғысын іске қосу арқылы барлығы 144 ұңғыны іске қоспақ.
Компания 2003-жылы негізгі қорға 14 млн.681,954 мың теңге капиталдық инвестиция салуды межелеп отыр. (2002-жылы бұл мақсатқа 13 млн. 207,270 мың теңге жұмсалған болатын).

Соңғы жаңалықтар