"Өзенмұнайгаз" мұнай компаниясы 2003-жылдың маусым айында 440 мың тонна мұнай өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзенмұнайгаз" мұнай компаниясы 2003-жылдың маусым айында 440 мың тонна мұнай өндірді

"Өзенмұнайгаз" мұнай компаниясы 2003-жылдың маусым айында 440 мың тонна мұнай өндірді

"Өзенмұнайгаз" мұнай компаниясы 2003-жылдың маусым айында 440 мың тонна мұнай өндірді. Ал 2002-жылғы осы мерзімде 409 мың тонна мұнай өндірілген болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Өзенмұнайгаз" компаниясының мұнай өндіру департаментінен хабарлады.

  • 24 Шiлде 2003
  • 447
Фото - Caravan.kz

Ал 2003-жылдың маусым айында газ конденсатын өндіру көлемі 555 тоннаға азайып, 2265 тоннаны құрады. (2002-жылғы осы мерзімде бұл 2820 тоннаны құраған болатын.)

Маусым айында тәуліктік орташа мұнай өндіру көлемі өткен жылғы 13 мың 633 тоннадан 14 мың 667 тоннаға дейін жетіп 1034 тоннаға артты.
Соның ішінде 2003-жылдың маусым айында Өзен газ өңдеу зауытында 7700 тонна сұйытылған көгілдір отын (3400 тонна) , 3900 тонна пентан-гексан фракциясы (4600 тонна) мен 80,736 м3 құрғақ газ (87,801 м3) өндірілді.
Маусым айында пайдаланудағы мұнай қоры 3258 ұңғыдан (2002-жылдың 6 айында 3026) құралса , 1-шілдедегі жағдаймен пайдаланудағы мұнай айдау қоры 1169 ұңғыдан (1031 ұңғы) құралды.
Компанияның ұңғымаларды бұрғылау және жөндеу департаментінен хабарлауынша, биылғы жылдың 6 айында 9 ұңғыма бұрғыланды (2002-жылы 8 ұңғы).

Соңғы жаңалықтар