«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында заңсыз наразылық акциясы басталғаннан бері 373 адам жұмыстан шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында заңсыз наразылық акциясы басталғаннан бері 373 адам жұмыстан шығарылды

«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында заңсыз наразылық акциясы басталғаннан бері 373 адам жұмыстан шығарылды

«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында заңсыз наразылық акциясы басталғаннан бері 373 адам жұмыстан шығарылды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

  • 28 Шiлде 2011
  • 556
Фото - Caravan.kz

Менеджмент компанияның барлық акционерлерінің мүддесін қорғауға тиіс болғандықтан, ҚМГ БӨ ҚР Еңбек кодексінде белгіленген өзінің еңбек міндеттерін орындаудан бас тартып отырғандармен еңбек қатынастарын бұзу жөніндегі құқығын іске асыруға мәжбүр болып отыр. Сонымен қатар, компания бұрынғысынша түсіндіру жұмыстарын жалғастырады және наразылық акциясын ұйымдастырушылардың қысым көрсетуімен заңсыз ереуілге қатысып жүрген жұмыскерлердің басым бөлігіне өздерінің жұмыс орындарын сақтап қалуына мүмкіндік беру үшін жаппай жұмыстан шығарудан қалыс қалуда.

Шілде айының 26 және 27 күндері «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының 30 жұмыскерімен еңбек келісімшарты бұзылды. Заңсыз наразылық акциясы басталғалы бері өндірістік филиалда барлығы 373 адам жұмыстан шығарылды. Өз кезегінде «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының кадр бөлімі босаған жұмыс орындарына аймақ тұрғындарынан келіп түскен 3400-ге жуық түйіндемені қарау үстінде. Қазіргі таңда жұмыстан шығарылғандарды алмастыратын 30 маманды жұмысқа қабылдау рәсімдері аяқталғалы отыр. Еңбек тәртібін бұзғандарды жұмыстан шығарып, олардың орнына жаңа мамандарды алу жұмыстары «Қаражанбасмұнай» бірлескен кәсіпорнында да жүргізіліп жатыр.

Компания құқық қорғау органдары барлық аймақ тұрғындарының, оның ішінде заңсыз наразылық акциясына қатысушылардың да, компанияда жұмыс істеуге ниет білдіргендердің де құқықтарын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп сенім білдіреді.

Соңғы жаңалықтар