Жарияланды: 390

«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында заңсыз наразылық акциясына қатысушылардың қатары аздап сирегенімен, кеше 748 адам жұмысқа шықпады

«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында заңсыз наразылық акциясына қатысушылардың қатары аздап сирегенімен, кеше 748 адам жұмысқа шықпады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«Компания (Маңғыстау облысының билік органдарымен бірлесіп) кәсіпорында қалыптасқан ахуалды тұрақтандыруға барынша күш салды және жұмыс беруші тарапынан ешқандай қудалаушылық болмайтынын жеткізе отырып, заңсыз наразылық акциясына қатысушыларды бірнеше рет жұмысқа шығуға шақырды. Ұдайы жүргізілген түсіндіру жұмыстары мен жұмыстан шығаруға мораторий жарияланғанына қарамастан, заңсыз наразылық акциясының жалғасып жатқанын өкінішпен айтуға тура келеді. Ал акцияға қатысушылар тарапынан сындарлы диалог орнатуға ешқандай талпыныс байқалмайды. Мораторий мерзімі аяқталғаннан кейін, 25 шілде күні, заңсыз наразылық акциясына қатысушылардың қатары аздап сиреді, дегенмен 27 шілде күнгі жағдай бойынша 748 адам жұмысқа шықпады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін