«Өзенмұнайгаз» жұмыскерлерінің наразылық акциясы салдарынан мұнай өндірудегі тәуліктік шығын 2 мың тонна - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өзенмұнайгаз» жұмыскерлерінің наразылық акциясы салдарынан мұнай өндірудегі тәуліктік шығын 2 мың тонна

«Өзенмұнайгаз» жұмыскерлерінің наразылық акциясы салдарынан мұнай өндірудегі тәуліктік шығын 2 мың тонна

«Өзенмұнайгаз» (ӨМГ) өндірістік филиалындағы жұмыскерлердің наразылық акциясы салдарынан мұнай өндірудегі тәуліктік шығын 2 мың тоннаны құрайды, делінген «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ ақпаратында.

  • 31 Мамыр 2011
  • 678
Фото - Caravan.kz

«Ұңғымалар қорына қызмет көрсету режимінің бұзылуы салдарынан тәуліктік өндірудегі жоғалту 2011 жылдың 25 мамыры күнгі (наразылық акциясы басталғанға дейінгі) деңгеймен салыстырғанда шамамен 2000 тоннаны құрайды. Компанияның жылдық мұнай өндіру көрсеткішіне әсер ету дәрежесі филиалдың тұрақты өндірістік қызметінің қаншалықты жедел қайта қалпына келтірілуіне байланысты», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Құжатқа сәйкес, ӨМГ-нің, ең алдымен, көлік кәсіпорындары жұмыскерлерінің бір бөлігі жұмысқа шықпаған. Ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеуге қажетті кейбір арнаулы техникалардың жұмысқа шықпағаны тіркелді.

Қазіргіуақытта ҚМГ БӨ үздіксіз мұнай өндірісін ұстап тұру және ӨМГ өндірістік нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолдануда. Еңбек кодексіне сәйкес, заңсыз наразылық акциясына қатысушы бірнеше адам еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды.

Бұған дейін хабарланғандай, 26 мамырда «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының 10 жұмыскері аштық жариялап, 250 жұмыскері ереуілге шықты. 16-24 мамыр аралығындағы кезеңде ОМГ құрылымдық бөлімшелерінің 22 жұмыскері жергілікті атқарушы және қадағалаушы органдарға, Жаңаөзен сотына және кәсіпорын басшысына жалақы төлеу жүйесін өзгертуойынша алты талаптан тұратын аштық шарасын өткізетіні туралы өтініш жасады. 24 мамырда Жаңаөзен соты талаптарды негізсіз және заңсыз деп таныды.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ-ның еншілес компаниясы) — мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар