«Өзенмұнайгазда» наразылық акциясы басталғалы бері мұнай өндірудегі жиынтық жоғалту шамамен 85 мың тоннаны құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өзенмұнайгазда» наразылық акциясы басталғалы бері мұнай өндірудегі жиынтық жоғалту шамамен 85 мың тоннаны құрайды

«Өзенмұнайгазда» наразылық акциясы басталғалы бері мұнай өндірудегі жиынтық жоғалту шамамен 85 мың тоннаны құрайды

«Өзенмұнайгаз»өндірістік филиалында (ӨМГ) наразылық акциясы басталғалы бері мұнай өндірудегі жиынтық жоғалту шамамен 85 мың тоннаны құрайды, делінген «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ хабарламасында.

  • 16 Маусым 2011
  • 507
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, қазіргі кезде ӨМГ жұмыскерлерінің, ең алдымен көліктік кәсіпорындардың жұмыскерлері жұмысқа шықпай отыр. Сонымен бірге, наразылық акциясына қатысушылардың саны қысқарып келеді.

«Наразылық акциясы басталғалы бері мұнай өндірудегі жиынтық жоғалту шамамен 85 мың тоннаны құрайды. Оған арнаулы техникалардың кейбірінің жұмысқа шықпауынан кәсіпшілік қондырғыларын және ұңғымаларды жөндеу, қызмет көрсету жұмыстарының қиындауы басты себеп болып отыр», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Компанияның жылдық мұнай өндіру көрсеткішіне әсер ету дәрежесі филиалдың тұрақты өндірістік қызметінің қаншалықты жедел қайта қалпына келтірілуіне байланысты.

Компания наразылық акциясын заңсыз, ал оның қатысушыларының талаптарын негізсіз деп санайды, оны Жаңаөзен қалалық сотының 2011 жылдың 24 мамыры күнгі шешімі растайды. Компания наразылық акциясына қатысушыларды Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан шығара бастады.

ҚМГ БӨ «заңмен белгіленген рәсімдердің аясында, оның ішінде бітімгерлік комиссияның жұмысына қатысу арқылы еңбек дауын қарауға дайын» екенін жеткізеді. Бірақ бұл заңсыз наразылық акциясы толығымен тоқтатылып, ӨМГ жұмыскерлерінің барлығы жұмысты қалпына келтіргеннен кейін ғана мүмкін болады. Бұл жайында ағымдағы жылдың 13 маусымында Астана қаласында өткен Компания басшылығымен кездесуде ӨМГ бірлескен кәсіподағының өкілдері хабардар болды».

Бұған дейін хабарланғандай, 26 мамырда «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының 10 жұмыскері аштық жариялап, 250 жұмыскері ереуілге шықты. 16-24 мамыр аралығындағы кезеңде ОМГ құрылымдық бөлімшелерінің 22 жұмыскері жергілікті атқарушы және қадағалаушы органдарға, Жаңаөзен сотына және кәсіпорын басшысына жалақы төлеу жүйесін өзгертуойынша алты талаптан тұратын аштық шарасын өткізетіні туралы өтініш жасады. 24 мамырда Жаңаөзен соты талаптарды негізсіз және заңсыз деп таныды.

2 маусымдағы жағдай бойынша, ӨМГ-дегі наразылық акциясына 893 адам қатысты, олардың негізгі бөлігі технологиялық көліктердің жүргізушілері. Жұмыс істемеген арнайы техника 60% — 80%болды.

3 маусымда өндірістік филиалдағы наразылық білдірушілердің саны 724адамға дейін азайды. Жұмысқа бармаған техниканың үлесі 52%-ға дейін төмендеді. Компанияеңбек тәртібін бұзып, жұмысқа шығудан бас тартып отырғандармен еңбек келісімшарттарын бұзуды жалғастыруда. Бүгінгі күнге дейін 62 адам жұмыстан шығарылды.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ-ның еншілес компаниясы) — мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар