«Өзенмұнайгаздағы» наразалақ акциясына қатысқандардың саны 724 адамға дейін қысқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өзенмұнайгаздағы» наразалақ акциясына қатысқандардың саны 724 адамға дейін қысқарды

«Өзенмұнайгаздағы» наразалақ акциясына қатысқандардың саны 724 адамға дейін қысқарды

«Өзенмұнайгаз» (ӨМГ) өндірістік филиалындағы (ӨФ) наразалақ акциясына қатысқандардың саны 724 адамға дейін қысқарды, делінген «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ хабарында.

  • 5 Маусым 2011
  • 455
Фото - Caravan.kz

«ӨМГ-дағы наразылық акциясына қатыстып отырғандар саны 724 адамға дейін қысқарды, олар негізінен технологиялық көлік жүргізушілері. Арнайы Техникалардың шықпай қалуы 52 пайызға дейін төмендеді. Компания наразылық акциясына қатыспай отырған өз қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен жұмысқа келіп-кетуін қамтамасыз етіп отыр», — делінген ақпараттық баянда.

Құжатта айтылғандай, компания еңбек тәртібін бұзып, жұмысқашықпай жатқандармен еңбек келісімшарттарын бұзуды жалғастыруда. Қазіргу уақытқа 62 адам жұмыстан қуылды.

«Қаражамбасмұнай» АҚ (ҚБМ) ақырындап күндік өндіріс қуатын арттырып келеді. Ереуілдеушілердің саны 90 адамға дейін қысқарды. Күн сайын жұмысқа шығушыларының саны артуда. ҚБМ еңбек тәртібін бұзғандармен еңбек келісімшартын бұзып, оларды жұмыстан босатуда. Қазір 72 адам жұмыстан қуылды.

Бұрын хабарланғандай, 2-ші маусым күні «Өзенмұнайгаз» Өндірістік филиалының (ӨФ) наразылық акциясына қатысқан 53 жұмысшысы жұмыстан қуылды. ӨМГ наразылық акциясына 893 адам қатысты. Олар негізінен технологиялық көлік жүргізушілері. Арнайы техникалардың жұмысқа шықпай қалуы 60% -дан 80%-ға дейін.

ҚМГБӨ таратқан хабарда айтылғандай, бүгінге Қаражамбас кенішіндегі жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың саны артып келеді, қазір олардың саны 700 адамдай. Кеніштегі ереуілдеушілер саны 164 адамға дейін қысқарды. Тәулік өндірісі тұрақтанды, мұнай өндіру аздап артуы байқалады. ҚБМ да еңбек тәртіптерін бұзғандармен келісімшартты бұзуда.

«Қаражамбасмұнай» АҚ тең үлеспен «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» АҚ және қытайлық CITICGroupмемкорпорацияға тиесілі. ҚБМ Ақтаудан 230 шақырым жердегі Бозашы түбегінде Қаражамбас кенішіндегі ауыр мұнайды өндіреді. Кеніш 1974-ші жылы ашылған және ТМД аумағындағы тұтқырлығы жоғары әрі таязда жатқан ең ірі кеніш болып табылады. Оны өндіру термикалық әдісті қажет етеді.

ҚБМ-да оған бағынышты, бұрғылау және ұңғыларды түбегейлі жөндеу бағдарламасы үшін сервистік қызмет көрсететін «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, көлікті қызмет көрсету үшін құрылған «АрғымақТрансСервис» ЖШС бар.

ҚМГБӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL(«Қаражамбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар