Жарияланды: 490

«Өзенмұнайгаздағы» наразылық акциясына байланысты ҚМГ БӨ-нің 2011 жылы мұнай өндіру көлемі 4%-ға төмендеуі мүмкін

«Өзенмұнайгаз»өндірістік филиалындағынаразылық акциясына байланысты өндіру көлемі 2011 жылы бұрын жоспарланған 13,5 млн. тонн. деңгейінен шамамен 4%-ға төмен болады деп болжап отыр, делінген компанияның ақпаратында.

«2011 жылдың 26 мамырында басталған наразылық акциясы барысында мұнай өндірудегі жиынтық жоғалту шамамен 150 мың тоннаны құрады. Компания Өзен кен орнындағы жылдық мұнай өндіру көлемі бұған дейін жоспарланған деңгейге жетпейді және кем дегенде 600 мың тоннаға төмен болады деп болжап отыр», - делінген сейсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде. Сонымен бірге компания «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ), «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, шоғырландырылған өндіру көлемі 2011 жылы бұрын жоспарланған 13,5 млн. тонн. деңгейінен шамамен 4%-ға төмен болады деп болжап отыр. Аталған болжам наразылық акциясының қаншалықты созылатындығына және өндірістік филиал қызметінің қаншалықты жедел қайта қалпына келтірілетініне байланысты өзгеруі мүмкін. Баспасөз мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, қазіргі уақытта компания ӨМГ өндірістік нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, үздіксіз мұнай өндірісін ұстап тұру үшін қажет шаралардың бәрін қолдануда. ҚМГ БӨ басшылығы еңбек дауын заңдармен көзделген рәсімдер аясында, алайда тек наразылық акциясы толық тоқтатылып, ӨМГ қызметкерлерінің барлығы жаппай жұмысқа қайта шыққаннан кейін ғана қарауға дайын екендігін атап көрсетіп, наразылық акциясына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. Сонымен қатар Компания наразылық акциясына қатысушылар саны – 650 адамға дейін (кезінде ең көбі 2500 адамды құрады) айтарлықтай азайғанын атайды. «Компанияның өсуімен соңғы уақытта ҚМГ БӨ үлес сатып алған бірлескен кәсіпорындардың қосар үлесі мейілінше сезілуде. Кең көлемдегі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және жаңа активтерді сатып алуды қарастыратын стратегияны іске асыру барысына қарай негізгі деп есептелген тарихи кен орындардың компания экономикасындағы үлесі, әрине, азаятын болады. Сонымен бірге біз бұл кен орындарының әлеуетін барынша пайдалана отырып, еңбек ұжымдарымен арадағы қарым-қатынасымызды нығайта бермекшіміз», деп мәлім етті ҚМГ БӨ бас директоры Асқар Балжанов. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ-ның еншілес компаниясы) - мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін