"Өзге еркекпен сөйлескені үшін": 16 жасар бала жасанды интеллектпен ақылдаса отыра анасын өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.99
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзге еркекпен сөйлескені үшін": 16 жасар бала жасанды интеллектпен ақылдаса отыра анасын өлтірген

"Өзге еркекпен сөйлескені үшін": 16 жасар бала жасанды интеллектпен ақылдаса отыра анасын өлтірген

Бұған оның анасының TikTok желісінде бір ер адаммен жазысқанын көруі себеп болған. Жасөспірім ашуға бой алдырып, анасына бірнеше рет пышақ

  • 12 Наурыз
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұған оның анасының TikTok желісінде бір ер адаммен жазысқанын көруі себеп болған. Жасөспірім ашуға бой алдырып, анасына бірнеше рет пышақ жарақатын салған, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қылмыс жасалардан бір күн бұрын ол ChatGPT чат-ботынан кеңес сұрағаны белгілі болды. Ол қылмыс жасауға қолданылатын құралдар, ауыр қылмыс үшін жауапкершілік және жазаны жеңілдету жолдары туралы сұрақтар қойған.

Оқиғадан кейін жасөспірім көршісінің үйіне барып, не істеп қойғанын өзі айтып берген. Сот үкімімен ол адам өлтіргені үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот отырысына марқұм әйел әлеуметтік желіде жазысқан делінген ер адам да куәгер ретінде шақырылды. Оның айтуынша, ол әйелді мүлде танымайтын болған және тек бір рет қана хабарламасына «лайк» басқан. Бұдан кейін ешқандай байланыс болмағанын айтқан.

«Маған прокуратурадан шақырту келгенде ғана бұл әйелдің кім екенін білдім. Оны TikTok-тағы жаңалықтардан көрдім. Бірақ менің бұл оқиғаға қандай қатысым бар екенін түсінбедім», – деді куәгер.