Өзге тілде айтылған қазақ әндері - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзге тілде айтылған қазақ әндері

Өзге тілде айтылған қазақ әндері

Қазіргі таңда қазақша әндер, өзге тілде аударылып айтылуда. Қазақ әндерін көбінесе қырғыз немес қытай тілінде айтылып жүргенін көріп жүрміз. Ендеше Caravan.kz медиа порталы назарларыңызға өзге тілдерде айтылған қазақ әндерін ұсынады.

  • 4 Қазан 2018
  • 199
Фото - Caravan.kz

Қытай халық Республикасының мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің жары әнші Пэнь Люань Ахмет Жұбановтың “Қарлығаш” әнін қытай тілінде орындап, оған бейнебаян түсірді.

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның орындауындағы “Алло” әні хитке айналғаны сөзсіз. Бұл ән Қырғыз елінде де хитке айналған секілді, өйткені Қырғызстанның Жакут Садықов пен Наргиза Айтемірова есімді әншілер қырғыз тілінде орындап, ол әнге бейнебаян түсірген.

Мариям Жагорқызының “Дудар-ай” әні, қытай тілінде орындалып, көпшілікті таң қалдырды.

Қайрат Нұртастың ең алғашқы шыққан “Арман” әнін Жамбыл Қараев атты әнші ноғай тілінде “Яным” деп орындап, осы әнге бейнебаян түсірген.


Ерке Есмаханның жұлдызын жаққан "Қайда" әні де қырғыз тілінде шығып, оның да бейнебаяны шыққан болатын. Қырғыздың Гүлназ Шыныбекқызы хит әнді "Бішкекте жоқ", "Ыстықкөлде жоқ" — деп әндетіп жүр.