"Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығамын": Назым Қызайбай жеке өмірі туралы шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығамын": Назым Қызайбай жеке өмірі туралы шындықты айтты

"Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығамын": Назым Қызайбай жеке өмірі туралы шындықты айтты

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап берді.

  • 22 Тамыз
  • 246
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Sport+Qazaqstan Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Боксшы журналистің «Өзіңді он жылдан кейін қалай елестетесің» деген сұрағына жауап берді.

«Өзімді он жылдан кейін де спортта елестетемін. Қыздар боксын дамытуға да өз үлесімді қосқым келеді. Жеке өмірімде де бақытты боламын деп елестетемін. Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуға да қарсы емеспін. Бірақ, әңгіме арасында анама өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шықсам деп айтқанымда қазақ табылмады ма деп ұрысты. Намыстары оянып кетті. Бірақ меніңше, жақсы көретін адамың болса, ұлтқа қарамау керек. Бұйырғаны болады деп ойлаймын», — дейді спортшы.

Назым Қызайбай ағасы үшін ұлдармен төбелескен кезін де еске алды.

«Қыздар футбол көруге барғанмын. Сол кезде бір қызбен төбелесіп қалдым. Бокспен енді бастап айналысып жүрген кезім еді. Ол мені ұра алмады, мен оны ұрдым. Қасымдағы достарым ажыратып алды. Жігіттерді кішкентай кезімде көп ұрдым. Сіңлімді ренжіткен кезде ұратынмын. Менің ағам жуас болғандықтан, соны қорғау мақсатында төбелескен сәттерім де болды. Бауырларыма тиіссе ешкімнен қорықпайтынмын», — дейді ол.