”Өзі басқа құдалықта жүр”: Абай Бегей 16 жасар қызының ұзатуына қатыспады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Өзі басқа құдалықта жүр”: Абай Бегей 16 жасар қызының ұзатуына қатыспады

”Өзі басқа құдалықта жүр”: Абай Бегей 16 жасар қызының ұзатуына қатыспады

Әнші Абай Бегейдің 16 жасар ортаншы қызы Сымбат ұзатылды.

  • 19 Тамыз
  • 96
Фото - Caravan.kz

Алайда, өнер иесінің өзі қызының ұзату тойына қатыспады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сымбат Абайқызына Ақтау қаласындағы әжесінің үйінде сырға салынып, ұзатылды. Қалыңдықтың өзі Instagram желісіндегі парақшасында тойдың қалай өткенін егжей-тегжейлі көрсетті.

Жұлдызды әкенің қызының ұзатуына қатыспауына қатысты қалың көпшілік түрлі пікірлер жазуда.

”Әкесі көрінбейді ғой. Әкенің батасын алмай, ұзатылуға болмайды”, “Қызы үшін ең маңызды сәтте әкесі келмегені қалай”, “Мүмкін Маңғыстаудың салтында әкесі қатыспайтын шығар”, “Әкесіне жақын қыз еді, келмегені дұрыс болмады”, — деп жазды олар.

Әншінің өзі барлық жағдайды кейін түсіндіретінін жеткізді.

” Әртүрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рақмет! Келесі постта қалай болғанын, не болып жатқанын толық салатын боламын”, — деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, қызына сырға салынған күні әншінің белгілі блогер Aeka Posh-тың құдағылығында ән айтып жатқан видеосы тарады.