"Өзі секірді деп ойлаймын" - Ақнәр Гүлстанмен бір пәтерде болған қыз өз шындығын айтты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзі секірді деп ойлаймын" - Ақнәр Гүлстанмен бір пәтерде болған қыз өз шындығын айтты (ВИДЕО)

"Өзі секірді деп ойлаймын" - Ақнәр Гүлстанмен бір пәтерде болған қыз өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде студент Ақнәр Гүлстанмен бірге бір пәтерде болған қыз өз шындығымен бөлісті.

  • 26 Мамыр
  • 377
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Атым- Дидар. Қытай Республикасының азаматымын. Ақнар өзі секірді деп ойлаймын», — деді ол.

Ол түрін жасырып, маскамен келіп журналистке сұхбат берді. Түрін халыққа көрсетуге дайын емес екенін айтты.

«2024 жылдың 20 шілдесінде Ақнәрмен бірге пәтерде екі қыз болған. Соның бірінен сұхбат алдым. Сұхбат барысында біраз былықтың беті ашылды.

Журналистік зерттеуімнің арқасында талай дәлел мен дәйекке көз жеткіздім. Осы сұхбатты құқық қорғау органы көріп, екі қызға қатысты тиісті бағасын беруді сұраймын», — деп жазды журналист Руслан Өтепбай.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 20 шілдеде Алматыда 22 жастағы студент Ақнәр Гүлстан көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап, көз жұмған. Тергеу бұл оқиғаны бастапқыда “суицид” ретінде тіркеген. Алайда марқұмның туыстары Ақнәрдің өліміне дейін қатыгездікпен азапталғанын және оны терезеден көршілері лақтырып жібергеніне сенімді.

Оқиға болған пәтерде үшінші қыз – Дидар есімді бойжеткен де болған. Ол қорықаныан әжетханаға тығылып, есікті ішінен бекітіп алған. Кейінірек Дидардың Ақнәрдің анасына жолдаған дауыс жазбасы тарады. Онда ол Ақнәрдің қиналып жатқанын естігенін және екінші қыздың оны буындырғанын айтқан.