Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Мен зорлыққа қарсымын. Әлияны дөрекі түрде лифттен шыққан видеоны бәріңіз көрдіңіздер. Ол видеоға байланысты өзімді ақтағым келмейді. Ол істі жасағанымды білемін және ол үшін жазамды алуға дайынмын. Ұрыс кезінде бәріңіз ашу мен қаһарлануды білетін шығарсыздар. Менің қателігімді қайталап, қол көтермеңіздер. Мен Әлияның бетінен салып қалдым, сол үшін Әлияның өзінен, оның отбасынан және менің ісім ашуға тиген барлық жаннан кешірім сұраймын», — деді актер.
Естеріңізге сала кетейік, актер өзінің сүйіктісі Әлия Ботееваны соққыға жығып, құрбан болған сүйікті қызы әлеуметтік желіге ұрыс болған видеоны жариялаған еді.