«Өзімді қатты кінәладым»: Алғаш рет сәбиінің шетінеп кеткенін айтқан Әсел Сәдуақасова егіле жылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өзімді қатты кінәладым»: Алғаш рет сәбиінің шетінеп кеткенін айтқан Әсел Сәдуақасова егіле жылады

«Өзімді қатты кінәладым»: Алғаш рет сәбиінің шетінеп кеткенін айтқан Әсел Сәдуақасова егіле жылады

Танымал әнші, артист Әсел Сәдуақасова бірінші жүктілігінің сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді.

  • 20 Қазан 2023
  • 153
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, баланың денсаулығында көптеген ауытқулар болған, деп хабаралайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбаты барысында айтты.

«Өз-өзіме айттым, ақырын Әсел, күйеуің үшін психолог, терапевт болудың қажеті жоқ дедім. Жазда, тойдан кейін екеуміз де эмоционалды тұрғыда қиналдық. Таң қалдық, қызық, ол да, мен де осылай айғайға салып, ашулана алатынымызды білдік. Сәуір айының соңында мен өзімнің жүкті екенімді білдім. Екінші скринингте балада көптеген ауытқулар бар екені, сол себепті жүктіліктен бас тарту туралы кеңес берілді. Яғни, жүктіліктен бас тарту туралы шешім қабылдау керек болды. Өзімді қатты кінәлап, нені жасау керек едім, қай жерден қате кетті деп өзіме кінә тағумен болдым. Сол кезде Аллаға осындай күйеуді жолықтырғаны үшін, тек алғыс айтумен болдым. Сол кезде ол менімен ажырасып кетеді деп ойладым, ол да солай ойлаған екен», — деді өнер иесі.