"Өзімнің теңіме шықпадым": Мадина Сәдуақасова екінші күйеуіне қатысты тың дерекпен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзімнің теңіме шықпадым": Мадина Сәдуақасова екінші күйеуіне қатысты тың дерекпен бөлісті

"Өзімнің теңіме шықпадым": Мадина Сәдуақасова екінші күйеуіне қатысты тың дерекпен бөлісті

Мадина Сәдуақасова екінші күйеуі Олжас Смағұловпен отау құрғанына 10 жыл болғанын мәлімдеді.

  • 2 Ақпан
  • 3130
Фото - Caravan.kz

Әнші күйеуге шыққан кезде өзіне теріс пікірлердің көп айтылғанын жасырмаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"2 ақпан 2014 жыл мен резко "кәртидім", "жас баланың басын айналдырғыш-қа" айналдым, өйткені "өзімнің теңіме" шықпадым. Сол кезде өзім жайлы өмірімде бірінші рет ең көп жаман сөздер естідім. 

10 жыл өтті! "Қандай жарасымды жұп", "Тойға нег Олжаспен бармайды", "Неге күйеуін инстаға салмайды". Уақыт — ай! Тез-ақ өтіп кетеді екен ғой?! Құтты болсын 10 жылдық!", — деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары әншіні атаулы күнмен жарыса құттықтап, ізгі тілектерін жаудыруда. 

"Құтты болсын. Бақытты болыңыздар", "Бірге әдемі қартайыңыздар", "Ел не демейді, айтып-айтып басылады. Бақытты болыңдар", "Құттықтаймын! Сізді жақсы көремін", "Әдемі жұп, бақытты болыңдар", — деп жазды олар.