"Өзің малсың": Ермахан Ибраимов тікелей эфирде ұятқа қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзің малсың": Ермахан Ибраимов тікелей эфирде ұятқа қалды

"Өзің малсың": Ермахан Ибраимов тікелей эфирде ұятқа қалды

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовқа әлеуметтік желідегі тікелей эфирде желі қолданушысы тіл тигізді.

  • 5 Мамыр
  • 59
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Боксшының тікелей эфирде бейәдеп сөзге жауап берген сәті желіде кеңінен тарауда.

«Абылайхан деген малсың деп қойыпты. Өзің малсың. Олимпиада чемпионын қалай малсың деп айтасың? Осы сөзді менің көзіме келіп айта аласың ба? Ешқашан айта алмайсың. Сондықтан диванда жатып алып, менің қандай адам екенімді білмей тұрып сөйлеудің қажеті жоқ. Менімен сөйлесіп, араласқан адам өзінің ойын 100% өзгертіп жатады. Мені танитындар жақсы біледі. «Ермахан нағыз батыр адам, чемпион. Сенің жолыңды берсін», деп миллиондаған қазақтар жүр», — дейді ол.

Алайда желі қолданушыларының басым бөлігі боксшыны емес, оған тіл тигізген желі қолданушысын жақтауда.

«Абылайхан өте дұрыс айтады», «Абылайхан чемпион», «Мықты болдың, бірақ кейін мал болып шайып кеттің ғой», «Чемпион болу оңай, адам болу қиын», «Саясатқа араласпауың керек еді, абыройыңды түсіріп алдың», «Кім айтса да дұрыс айтыпты», — деп жазды олар.