"Өзіңді сыйлата білу үшін мінез керек болды": Айгүл Иманбаева көп жылдан кейін Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасуының басты себебін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.71
  • 529.97
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзіңді сыйлата білу үшін мінез керек болды": Айгүл Иманбаева көп жылдан кейін Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасуының басты себебін айтты

"Өзіңді сыйлата білу үшін мінез керек болды": Айгүл Иманбаева көп жылдан кейін Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасуының басты себебін айтты

Белгілі актриса Айгүл Иманбаева қоғамдағы жалғызбасты әйелдердің мәселесін қозғап, көптің қызу талқысына түсті.

  • 30 Шiлде
  • 102
Фото - Caravan.kz

Ол өткен өмірін еске алып, аяққа тік тұру үшін аянбай еңбек еткенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Жалғыз басты әйелге еркектің күшіндей-күш, еркектің энергиясындай-энергия, кейде еркектің психологиясы да қажет болады. Әрине еркек бола алмайсың бірақ балаңды жеткізу үшін, қоғамда өзіңнің орныңды алу үшін, қажымайтын-қайрат, күш, білім керек болады және өзіңді сыйлата білу үшін мінез керек болады.
Былай айтқанда әйелдік нәзік энергияңды еркектік энергияға айырбастауға тура келеді.

Сіздер осыған келісесіздер ме?», — деп жазды актриса.