"Өзіне күйеу іздеп жүр": Әйелдерге мешітке тек күйеуімен баруды талап еткен сақалды әншінің басы дауға ілікті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзіне күйеу іздеп жүр": Әйелдерге мешітке тек күйеуімен баруды талап еткен сақалды әншінің басы дауға ілікті

"Өзіне күйеу іздеп жүр": Әйелдерге мешітке тек күйеуімен баруды талап еткен сақалды әншінің басы дауға ілікті

Танымал әнші Мирас Жүгінісовтың туған ағасы Рүстем Жүгінісовтың тағы да басы дауға қалды.

  • 29 Қыркүйек
  • 22
Фото: Рүстем Жүгінісов

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сотта әншінің айтқан екі пікірі қаралған.

2023 жылғы 31 желтоқсанда Жүгінісов TikTok-та «Жаңа жылды тойлау керек пе?» деген сұрақ қойып, «пайғамбар да, ата-бабаларымыз да бұл мейрамды тойламағанын» айтқан.

Екіншісі – Ақтөбедегі мешіт оқиғасы. Әнші әлеуметтік желіде тараған видеоны талқылап, онда ер адам «бір реттік неке» ұсынған қызды айыптап, әйелдердің мешітке тек әкесі не бауырының еріп баруымен келуін жөн көретінін айтқан.

Сараптама мұндай пікірлер қоғамда діни алауыздық туғызуы мүмкін деген баға берген.

Осыған байланысты Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әнші Рүстем Жүгінісовті Әкімшілік кодекстің 453-бабына сәйкес кінәлі деп танып, оған 78 640 теңге айыппұл салды.

Перейти к новостям спорта