Өзіне қол салған оқушының әкесі мектептегі сұмдықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзіне қол салған оқушының әкесі мектептегі сұмдықты жайып салды

Өзіне қол салған оқушының әкесі мектептегі сұмдықты жайып салды

Марқұмның әкесі мұғалімді оқушыларды баламның бетіне түкіруге мәжбүрледі деп айыптап отыр.

  • 8 Қараша 2018
  • 40
Фото - Caravan.kz

Өзбекстанның Қашқадария облысында 2 қараша күні мектеп оқушысы үйіндегі қорада өзіне қол жұмсады. Баланың әкесі Джахангир Абдурашидов ұлы мектепте жәбір көрген соң осындай қадамға барған деп есептейді. 

Оқушы Бешкент қаласындағы №63 орта мектепте білім алған.  

"Бір ай бұрын сынып жетекшісі оқушыларды оның бетіне түкіруге мәжбүрлеген. Бұған мектеп директорының орынбасары куә болған. Содан кейін ұлым мектепке барғысы келмей қалды. Асылып өлерден бұрын екі күн сабаққа бармады", — деді 6 қарашада Джахангир Абдурашидов.

Мектеп директоры Дилором Турсунова марқұмның ата-анасының сөздерін жоққа шығарып отыр.

"Ол екі күн сабаққа келмеді. Мұғалімнен сұранып, үйіне кеткен. Сол күні сынып жетекшісі оның ата-анасына хабарласқан. Олар баланың ауырып жатқанын айтқан. Енді олар мұғалімдерді айыптап отыр. Бұл – өтірік", — деді мектеп директоры.


Абдурашидов өлімінен соң сынып жетекшісі мен директор орынбасары жұмыстан шығарылған.

Аудан басшысының жастар ісі жөніндегі орынбасары сегізінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсады деген мәліметті жоққа шығарған.

"Өзіне қол салмаған, баланың жүрегі ауыратын деп естідім", — деді жергілікті әкімдік қызметкері.

 

Соңғы жаңалықтар