Өзіне қол жұмсаған бас дәрігердің туыстары кінәлілердің қызметтен кетуін талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзіне қол жұмсаған бас дәрігердің туыстары кінәлілердің қызметтен кетуін талап етуде

Өзіне қол жұмсаған бас дәрігердің туыстары кінәлілердің қызметтен кетуін талап етуде

Ақтөбеде өзіне қол жұмсаған дәрігердің туыстары мұрқұмның ақырғы хатында аты аталған лауазымды тұлғалардың қызметінен кетуін талап етіп отыр. Сондай-ақ, қара жамылған отбасы тергеудің сылбыр жүріп жатқандығына алаңдаулы. Естеріңізге салсақ, осыдан екі ай бұрын Әйтеке би аудандық ауруханасының бас дәрігері Байназар Шағыров пәтерде асылып тұрған жерінен табылған болатын. Ал өлімге кінәлі деп, ақырғы хатты аттары жазылған аудан әкімі мен бас дәрігердің орынбасары бұрынғысынша қызметтерін атқарып жүр.

  • 3 Қазан 2013
  • 465
Фото - Caravan.kz

Қырыққа толмай қыршын кеткен ұлының қысым көргеніне Күнзира Шағырова сенімді. Себебі адам жанының арашасы болып жүрген аудандық аурухананың бас дәрігері Байнараз тектен-тек біреуді қаралап ақырғы хатында жазбас еді дейді ол. Қара жамылған ана Әйтек би ауданының әкімі Аманғали Бердалиннің осы күнге дейін қызметінде тайраңдап жүргендігіне ашынады. Тергеудің де сылбыр жүріп жатқанына алаңдаулы.      

Күнзира Шағырова, Б.Шағыровтың анасы:

— Алдында улану болған уақыта менің балама мықты қысым көрсеткен. Жаңағы кабинетіне шақырып алып баламды сонда төбелеске дейін барған. Әкім деген баламды сабаймын деп екі жігітті әкеліп Әйтеке бидің тумаларын дейді. Оның бәрін секретаршасы айтып отыр.

Әйтеке би ауданы әкімі Аманғали Бердалин мен өзінің орынбасары Жақсылық Қасымов тергеу кезінде тек куәгер ретінде жауап берген. Олардың тендерге қатысты марқұмға қысым көрсеткені анықталмады дейді прокурорлар.


Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма бастығы:

— Бұл 2012 жылдан бері жеке осы мекеме бойынша еш конкурс өтпеген болатын жөндеу және құрылыс бойынша. Барлық қаражат орталықтан облыстан берілген.

Байназар Шағыровтың туыстары әлі күнге дейін мәйітханадан 2-3 күнде дайын болатын сараптама құжатын ала алмай отыр.Сондықтан бас дәрігердің өзіне қол жұмсағандығына күмәнмен қарайды. Ал істі тексеруге адвокат жалдайын десе, қорғаушылардың ешқайсысы келіспей отыр. Себебі, шенеуніктің мысы басып, бейресми түрде коллегияға бұйрық түсірген дейді қара жамылған отбасы.