"Өзіне сенімді, қолы ашық": Назым Әбілдинаның әпкесі болашақ күйеу баласы жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзіне сенімді, қолы ашық": Назым Әбілдинаның әпкесі болашақ күйеу баласы жайлы айтты

"Өзіне сенімді, қолы ашық": Назым Әбілдинаның әпкесі болашақ күйеу баласы жайлы айтты

 

  • 31 Тамыз 2021
  • 1616
Фото - Caravan.kz

КешYou тобының экс-солисі Назым Әбілдина тұрмысқа шықпақ. Ақпаратты әншінің әпкесі, актриса Гүлбахрам Ахат растады. Бұл туралы Stan.kz Алматы арнасының Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл біз үшін қуанышты хабар. Өзім тұрмыс құрмағаныммен, менің сіңлім Назым бұйырса тұрмыс құрғалы жатыр. Екеуміз бірге, тете өстік", — дейді Гүлбахрам Ахат.

Болашақ күйеу жігіт Байбосыновтар әулетінің көңілінен шыққан ұқсайды. 

"Өте жақсы жігіт, өз-өзіне сенімді, қолы ашық. Жуас, момын деп айтпай-ақ қояйын, еркектік мінезі бар, намысшыл. Менің ойымша, әр ер адамда болуы керек. Біздің көңілімізден шықты. 

Жаңа өмірге қадам басып жатыр ғой. Қазірден бастап оның жауапкершілігі мол. Назым өзі түсініп жүр. Әке-шешесіне, әжесіне, бізге деген жауапкершілігі бар", — деп ағынан жарылды актриса.


Ал өзінің жеке өмірін Гүлбахрам жария еткісі келмейді. 

"Тұрмыс құрып жатсам, өзім айтамын", — деп қысқа қайырды ол. 

Перейти к новостям спорта