Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұған дейін кіші қыздарының бет-әлпетін жасырып келген ол өзінің Instagram парақшасында Алма мен Алисаның суретін жариялады.
«Балаларды қорғау күнінде сіздерді кіші қыздарымыз Алиса және Алмамен таныстырғым келеді», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл күнді ұзақ күткенін айтып, қыздардың кімге ұқсайтынын қызу талқылауда.
«Жеттік-ау осы күнге», «Баян ханым, отбасыңыздың осындай маңызды тұсын бізбен бөлісіп жатқаныңызға рақмет», «Бүгінгі күннің басты жаңалығы болды. Бірі әкесінен, екіншісі өзінен аумайды екен», «Тфай көз тимесін, Алиса ірілеу екен», «Көздері папасына ұқсайды екен», «Алма папасына, Алиса мамасына ұқсайды», — деп жазды олар.
Еске сала кетейік, продюсердің үшінші және төртінші қыздары өткен жылдың тамыз айында дүниеге келген еді.