"Өзің ешаксың": Сайрам ауданы әкімдігінің қызметкері жағдайды айтып келген әйелді шешесінен боқтады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзің ешаксың": Сайрам ауданы әкімдігінің қызметкері жағдайды айтып келген әйелді шешесінен боқтады (ВИДЕО)

"Өзің ешаксың": Сайрам ауданы әкімдігінің қызметкері жағдайды айтып келген әйелді шешесінен боқтады (ВИДЕО)

Сайрам ауданының әкімдігінде жағдайын айтып келген әйелді балағаттап жіберді. 

  • 8 Қараша 2022
  • 276
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желіде тараған видео халықтың қызу талқысына түсті, жеп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

Журналист Айка Атаханова фейсбуктегі парақшасында мынадай ақпаратпен бөлісті. 

“Өзің ешаксың”

Сайрам ауданының әкімдігі халықпен қалай сөйлесу керектігін біле ме өзі?
Мына видеода аудан әкімдігінің бір топ қызметкері мәселесін айтып келген әйелді, жан-жақтан жұлмалап жатыр.
Мемлекеттік қызмет этикасына сай келмейтін сөздермен әйелдің намысына тиіп тұрғандай.
Осы видеодан түйгенім: Жаңа Қазақстан Сайрам ауданына әлі келмеген сияқты. Өткенде облыс әкімінің есептік жиынында шақырылмаған тұрғынға сұрақ қойғызбай сүйрелеп еді. Ендігі жағдай мынау.
Халық облыс әкімі тұрмақ, аудан әкімінің маңына жолай алмай жүргенде, ашықтық туралы әңгіме айтудың өзі артық", деп жазды журналист. 

"Мынау әкімдіктегілерің көкдолы қатыннан ары ғой", "Жұмыстан шығарып жауапқа тартылу керек сол сөзі үшін", "Шеше деген сөзге орнынан алып тастау керек", "Мынандайлар қалай істеп жүр әкімшілікте?", "Мәдениеттен жұрдай, әйел айқайласа да, әкімшілік қызметкері айғайлауға қақысы бар ма? Талайтын турлері бар ғой. Әкімге жұмыс уақытында келмей, жұмыстан соң уйіне барып жолыға ма, неге жай сөзбен түсіндірмеске. Көрер көзге уят екен", деп жазды оқырмандар.