Өз-өзін тонаған кәсіпкердің алаяқтық ісі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өз-өзін тонаған кәсіпкердің алаяқтық ісі ашылды

Өз-өзін тонаған кәсіпкердің алаяқтық ісі ашылды

Павлодар облысында өз-өзіне қарақшылық шабуыл жасаған кәсіпкердің алаяқтық ісі ашылды.

  • 1 Маусым 2011
  • 458
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Қаламқас Темірова мәлім етті.

Оның хабарлауынша, осыдан екі күн бұрын облыстағы фирма директоры телефон арқылы өзіне және оның жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлады. Жәбірленушінің мәліметі бойынша «Павлодар -Екібастұз» автожолында бетперде киген үш адам шойын мылтықтан автомашинаны атып, 2 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарын және ақшаны алып кеткен. «Тексеру барысында филиал директоры, жүргізуші және тағы бір облыс тұрғынының өзара келісіп, қарақшылық шабуылды ұйымдастырғандары анықталды. Осы алаяқтық әрекеттен кейін олар барлық алтын бұйымдарын және ақшаны өзара бөлісіп алған. Қазіргі кезде фирма директоры және оның жүргізушісі ұсталды. Үшінші алаяқ іздестірілуде», — дейді Қ.Темірова.

Соңғы жаңалықтар