Айта кетейік, жаңа жоба оқушылардың робототехника жасауға, бағдарламалауға қызығушылығын арттыруға, дарынды балаларды анықтауға, озық білім трансферіне және оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға бағытталған.
Курстарды талай жылдан бері робототехника бойынша түрлі турнирлердің ондаған жүлдегері мен қатысушысын дайындап келе жатқан «Роботек» мамандары жүргізді.
Жезқазған мен Семей мұғалімдері енді өзінің 500-ден астам оқушысын заманауи білім нәрімен сусындатады. Бұл Жезқазған қаласындағы №1, №13, №21 орта мектептері, №8 гимназия, №9 мектеп-интернаттың оқушылары мен Семей қаласындағы №8, №28, №44, №49 орта мектептері мен Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияның оқушылары.
— Бұл өте қызықты курс болды. Біз жақсы теориялық білім алдық, роботтарды құрастыру, бағдарламаларды жазу туралы жаңа тәжірибелік дағдыны меңгердік. Енді осының бәрін оқушыларбен бөлісеміз. Қызықты оқу болатыны анық, — дейді Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі Баян Бақытбек.
Балаларды оқыту 2023 жылдың мамырына дейін жалғасады. Жоба біткен соң мектептер robotek.pro платформасына бір жылға тегін жазыла алады. Ozyq Urpaq жобасының ауқымы кеңейіп, Қазақстанның өзге де елді мекендерін қамтиды.