"Пайғамбардың бүкіл сүннетін істейді, үлкен үй, көлік дейтін понт жоқ" - Англиядағы қазақ жігіті халыққа ағылшындардан үлгі алуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 490.58
  • 584.77
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Пайғамбардың бүкіл сүннетін істейді, үлкен үй, көлік дейтін понт жоқ" - Англиядағы қазақ жігіті халыққа ағылшындардан үлгі алуға шақырды

"Пайғамбардың бүкіл сүннетін істейді, үлкен үй, көлік дейтін понт жоқ" - Англиядағы қазақ жігіті халыққа ағылшындардан үлгі алуға шақырды

Англияда бір жарым жыл бойы жұмыс істеп жүрген қазақ жігіті халыққа ағылшындардар үлгі алуға шақырды.

  • 12 Ақпан
  • 15
Instagram/_umirov

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Англияда үш нәрсені ұнаттым, біріншісі адамдардың бір-біріне қарым-қатынасы. Бұлар Пайғамбардың бүкіл сүннетін істейді екен. Дін жоқ бұл жақта, бірақ мұсылманның бейнесін көресің. Күліп жүреді, бір-бірін сыйлап тұрады. Бір-біріне деген қарым-қатынасы жылы, көмек сұрасаң, көмекке дайын тұрады.

Екінші, дүниеге деген көзқарастары. Машинаға, үйге бәріне минимально қарайды. Үлкен үй, үлкен машина деген понт жоқ. Қыздары да боянып, сыланып жүргенін көрмейсің. Бәрі қарапайым жүреді, натурализм.

Үшінші ұнатқан нәрсем — сапа. Бүкіл нәрсені салса бұлар мәңгілікке салады екен. Бір ғасыр, 500 жыл тұратын қылып салады. Кішкентай ауылдардың ішінде мосттар бар, солардың сапасын көрсең, таң қаласың. Біздің Астанадағы үлкен көпірлердің сапасы ондай емес. Осы нәрселерді енді Қазақстанға өзіммен бірге алып барамын деген ойым бар. Шетелге шығыңыздар, осының бәрін көрейік, сөйтіп елімізді дамытайық», — дейді видео авторы.