"Пайдасы жоқ": Адвокат Абзал Құспан митингке шығатындарға құлаққағыс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Пайдасы жоқ": Адвокат Абзал Құспан митингке шығатындарға құлаққағыс жасады

"Пайдасы жоқ": Адвокат Абзал Құспан митингке шығатындарға құлаққағыс жасады

Адвокат Абзал Құспан көп балалы аналардың митингке шығу туралы өз ойын айтты.

  • 6 Ақпан 2019
  • 325
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Сәуле Әбілдаханқызының ертеңгі акция дейміз бе, аза тұту рәсімі дейміз бе білмеймін, жиынына қатысты, жергілікті атқару билігі мен құқық қорғау органдарына бір ұсыныс: көп балалы аналар мен балалар құқығы үшін билікке арыз айтып шыққалы жатқан көпшілікке күш қолданбасаңыздар екен! Ол бір жеке адамның, саяси партияның мүддесі емес, Сіз бен Біздің, бәріміздің ортақ мүддеміз, ортақ мәселе! Ал мәселенің түп-төркіні тым тереңде, халықты ақымақ қыла бермей бір кезек, оларға құлақ түріңдер, ол негізі сіздердің ұмытып кеткен тікелей міндеттеріңіз", — деп жазды адвокат.

Ал оқырмандардың бірі оны еститін құлақ бар ма деген сұраққа адвокат: "Қайтейік енді, Сәулеге керек емес, пайдасы жоқ деп барынша айттым. Ақыр шыққалы жатыр екен, екі жаққа да құлаққағыс жасаған түріміз ғой", — деп жауап берді.


Естеріңізге сала кетейік, журналист Сәуле Әбілдаханқызы Астанада өрттен қаза тапқан бес баланың жағдайынан кейін көп балалы аналарды митингке шақырған еді, дегенмен кейін журналист ол райынан қайтқан болатын.