Бұл туралы бүгін Пәкістанның сыртқы істер министрі мәлім етті.
Косовада Пәкістан елшісі қызметіне Түркиядағы Ислам Республикасы дипломатиялық өкілдігінің жетекшісі тағайындалды (екі қызметті қатар алып жүреді). Осылайша Пәкістан Косованың тәуелсіздігін таныған 98-ші мемлекет болды. Мемлекеттің егемендігін АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия және басқа елдер мойындаған болатын. Ал Ресей, Қытай және Испания бұған қарсылықтарын білдірген еді.