Пәкістан мен Үндістанды ШЫҰ-на мүше ретінде қосу мәселесі қарастырылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пәкістан мен Үндістанды  ШЫҰ-на мүше ретінде қосу мәселесі қарастырылмақ

Пәкістан мен Үндістанды ШЫҰ-на мүше ретінде қосу мәселесі қарастырылмақ

Астана Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысушыларды қабылдауда. Бүгін мәртебелі меймандардың ұшақтары қазақ жеріне қона бастады. Олардың қатарында ірі ұйымның мүшелері ғана емес, бақылаушы елдердің делегаттары және өзге халықаралық бірлестіктер өкілдері де бар. Ал ұйымның қазіргі төрағасы Қазақстан әдеттегідей шетелдіктерге барынша қонақжайлығын танытпақ.

  • 15 Маусым 2011
  • 438
Фото - Caravan.kz

Шанхай ынтымақтастық ұйымының 10 жылдық мерейтойын атап өтуге Астана дайын. Бірақ жиынның басты мәні той тойлауда емес, маңызды шешімдерді қабылдауда. Саммит аясында өткенді сараптап, ертеңгі қадамдарды айқындау көзделіп отыр. Оған қатысушы мемлекеттердің бірінші басшылары қазақ шаңырағы астында халықаралық кездесулерін де өткізбек ойда.

Ресми шаралар маусымның 15-інде басталады. Ал әзірге елордадағы әуежай күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қазақстанға алғашқылардың қатарында Иран Президенті Махмуд Ахмадинежад келді. Ол еліміздің Премьер-министрімен бірқатар мәселелерді талқылап та үлгерді. Бұдан соң Астана әуежайына тәжік халқының атақты ақыны Садреддин Айнидің есімімен аталған Тәжікстан Президентінің ұшағы қонды. Көршілес Ресейдің делегациясы кейінірек жетті. Барлық меймандардың көңіл-күйлері көтеріңкі. Қалай дегенмен іс-сапарлары тиімді өтуі тиіс.

Жоғары лауазымды қонақтарды қорғау – қазақстандық тәртіп сақшылар үшін қазір басты міндет. Сондықтан бас қалада қауіпсіздік  шаралары күшейтілген.  Саммит өзгелері сынды Тәуелсіздік сарайында өтеді. Қазақстан соңғы кезде ірі саяси шаралардың бастамашысы ретінде танылып келеді. Бұл жолы да ірі халықаралық ұйымды сауықтыруға баса назар аударылмақ. Бүгінде оның экономика тұрғысында әлсіздігі байқалады. Шанхай ұйымына кірем деушілердің қатары да көбейіп келеді. Осы жолы Пәкістан мен Үндістанды Ұйымға мүше ретінде қосу мәселесі қарастырылмақ.

Осы уақытқа дейін Шанхай ынтымақтастық ұйымының тек өз ішінде қайнап жатқаны жасырын емес. Сарапшылар мүше санын емес, жұмыстын сапасын арттыру керектігін алға тартты. Бірақ соңғы кездері көбі бұл ойларын өзгерте бастады, ұйымға кіруге ниет білдіргендер де көбеюде. Сол себепті  астаналық саммитке мол үміт артылып отыр. Бірлескен жұмыс нәтижесінде ұйым кеңейе түсуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар