Пәкістан премьер-министрі тұтқындалатын болды
Пәкістан жоғарғы соты премьер-министр Раджа Первез Ашраф пен тағы 15 адамды энергетикалық жобалардағы сыбайлас жемқорлық ісіне қатысы бар деген күдікпен тұтқындауға ордер берді. |
Құқық қорғау орындары ордер бойынша премьер мен 15 адамды 24 сағат ішінде тұтқындауы тиіс.
Ашраф премьерлік қызметке дейін су және энергетика министрі болған еді. Ол министр болған кезінде - 2010 жылы электр энергиясын өндіру жобасын мақұлдағаны үшін пара алғанын жоққа шығарған.
Премьердің кеңесшісі Фавад Чаудхри соттың ордерін "конституцияға қайшы" деп сынады.
Пәкістандағы мұсылмандардың басты діни жетекшісі Мұхаммад Тахир-ул-Қадри мен оның мыңдаған жақтастары Исламабадта наразылық танытып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп тұр, деп хабарлайды «Азаттық».
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін