Жарияланды: 380

Пәкістан Президенті қызымен бірге ШЫҰ мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Пәкістан Президенті қызымен бірге ШЫҰ мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Астананың халықаралық әуежайына Пәкістан президенті Асиф Әли Зардаридің ұшағы келіп қонды. Президент Қазақстанға өзінің қызын ерте келген.

Пәкістандық делегацияны ұшақ жанында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Қаржы министрі Болат Жәмішев қарсы алды. Атап өтер жәйт, Пәкістан Шанхай ынтымақтастық ұйымында бақылаушы ел мәртебесіне ие. Еске сала кетсек, қазіргі уақытта ШЫҰ-на Ресей, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан кіреді. Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістан мемлекеттерінің ШЫҰ жанындағы бақылаушы елдер мәртебесі бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін