Пәкістан Қазақстан президентінің алдағы сапарына айрықша маңыз береді -Пәкістан президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пәкістан Қазақстан президентінің алдағы сапарына айрықша маңыз береді -Пәкістан президенті

Пәкістан Қазақстан президентінің алдағы сапарына айрықша маңыз береді -Пәкістан президенті

Пәкістан жағы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 8-9-желтоқсанға межеленген ресми сапарына айрықша маңыз береді. Бұл туралы Пәкістан президенті Первез Мушарраф ҚР төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаевтың сенім грамотасын қабылдау кезінде мәлімдеді.

  • 4 Желтоқсан 2003
  • 433
Фото - Caravan.kz

KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлағанындай, сенімхатын табыс ету рәсімі қалыптасқан дәстүрге сәйкес Пәкістан президентінің Айван-и-Садр деп аталатын сарайында өтті. Кездесу барысында Пәкістан Ислам Республикасының президенті мен қазақстандық елші екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, қазіргі ахуалы мен келешегі туралы пікір алмасты.

Б.Исабаев екі елдің достық байланысын одан әрі бекіте түсуге бар күшін салатынын айтып Пәкістан мемлекет басшысын сендірді. Ол сондай-ақ, П.Мушаррафқа үкіметаралық Қазақстан-Пәкістан бірлескен комиссиясының 1-2-желтоқсанда Исламабадта өткен бесінші отырысының қорытындысы туралы хабарлады.
Елші бұл отырыста екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастыққа қатысты бірқатар түйінді мәселелерді талқылап келісуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Елбасының Пәкістанға сапары барысында бірқатар маңызды екі жақты келісімдерге қол қойылатындығы айтылды.

Соңғы жаңалықтар