Белгілі ақпаратқа сәйкес, Пәкістандық қауіпсіздік күштері мен содырлар арасындағы қақтығыс 17-шілде күні түнде Ауғанстанмен арадағы шекарада болған. Ресми ақпаратқа сәйкес, содырларды отырғызған екі жүк көлігі әскери қалашықтардың біріне өтіп кетпек болған. Көліктерді тоқтату туралы талапқа содырлар оқпен жауап қайтарған. Ақырында пәкістандық әскерлер екі жүк көлігін де құртты.
Атыс салдарынан түрлі мәліметтерге сәйкес, 17-19 адам , соның ішінде көліктерде отырған әйелдер мен балалар да қаза тапты. Содырлардың бір бөлігі ұсталған. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, олардың арасында өзбек ұлтының өкілдері де бар. Пәкістандық БАҚ-тардың хабарлауынша, қазір олардың азаматтығы анықталуда.
Содырлардан құжаттармен бірге детонаторы бар жарылғыштар, қару-жарақтар мен оқ-дәрілер табылды.