Пәкістанда құлаған ұшақтың қара жәшігі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пәкістанда құлаған ұшақтың қара жәшігі табылды

Пәкістанда құлаған ұшақтың қара жәшігі табылды

[wpcode id="1694287"] Пәкістанның солтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері табылды, деп жазды 24.кз. Құтқарушылар жазғыш құ

  • 8 Желтоқсан 2016
  • 627
Фото - Caravan.kz


Пәкістанның солтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері табылды, деп жазды 24.кз. Құтқарушылар жазғыш құралдарды лайнер құлаған таулы аймақтан тапқан. Әуе кемесінде 43 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған еді.

Ресми мәлімет бойынша, олардың барлығы қаза тапқан. Марқұмдардың арасында 2 Австрия және 1 Қытай азаматы бар. Апат орнында 500-ге жуық дәрігер, сарбаздар мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Әуе кемесі Читрал қаласынан ел астанасы Исламабадқа ұшып шыққан. Ол әзірге белгісіз себептермен әуеде отқа оранып, тау аңғарына құлаған. Мұхаммед Азам, «Пәкістан халықаралық әуе желілерінің» басшысы: — Диспетчерлерге ұшақтың бір қозғалтқышы істен шықты деген мәлімет түсті. Бірнеше минуттан кейін лайнер ізім-қайым жоғалып кеткен. Кейін таудың ар жағынан от пен түтін шығып жатқаны туралы ақпарат алдық.

 

Соңғы жаңалықтар