Пәкістанда тұрмысқа шығудан бас тартқан қызды өртеп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пәкістанда тұрмысқа шығудан бас тартқан қызды өртеп жіберді

Пәкістанда тұрмысқа шығудан бас тартқан қызды өртеп жіберді

Мектепте ұстаздық еткен 19 жастағы Мария Аббаси енді бұл өмірде жоқ. Мария жұмыс істеген мектеп директоры оны өзіне келін етіп алғысы келген.

  • 3 Маусым 2016
  • 395
Фото - Caravan.kz


Бірақ, оның ұлы бұл туралы ұсыныс жасаған кезде қыз үзілді-кесілді бас тартқан. Осыдан соң болмай қалған күйеудің әкесі мұғалиманың көзін құртуды ұйғарған, деп хабарлайды Independent.  Артынша қыздың үйіне бір топ адам кіріп келіп, ұрып-соғып, үстіне жанармай құйып, өртеп кеткен. Денесінің 85 пайызы күйген Мария ауруханаға түсті. Бірақ, халі мүшкіл қызды дәрігерлер ажалдан арашалай алмады. «Мария жұмыс істеген мектеп директоры осыдан жарты жыл бұрын өзінің ұлына күйеуге шығуды ұсынды. Бірақ, оның ұлы осыған дейін ажырасқан және бір баласы бар болып шықты. Марияның әкесіне бұл жақпай қалып, ол қызын беруден бас тартты», — дейді қаза тапқан қыздың тәтесі. Мария тұрмыс құрудан бас тартқаннан кейін мектептегі жұмысынан шығып кеткен. Бірақ, директор оның ізінен қалмай қойыпты. Көз жұмар алдында мұғалім полицияға өзін соққыға жыққандардың арасында директордың да болғанын айтыпты. Адам құқықтарын қорғау комиссиясының мәліметінше, өткен жылы Пәкістанда 1100 әйел өлтірілген. Әйел құқықтары үшін күресушілердің айтуынша, мәліметтер толық емес болғандықтан, өлтірілген әйелдер саны мұнан көп болуы мүмкін.