Жарақат алғандар қатары 150-ден асып жығылады. Осылайша, бұл лаңкестік шабуыл жыл басынан бері Пәкістанда жасалған қастандықтың ең жойқыны болды. Жараланғандардың көп болуына байланысты жергілікті ауруханаларда бос орын қалмаған. Сондықтан кейбіреуін көрші қалаларға жөнелтуде.
Еске сала кетейік, жарылыс Сехван-Шариф қаласында көпшілік жиылып, дәстүрлі салт-жоралғы өткізіп жатқан кезде болған. Полиция өкілдерінің айтуынша, жарылғышты жанкешті іске қосқан. Шабуылды «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойнына алды.