Пәкістанда жеті оқытушыны атып кетті
Пәкістандық коммерциялық емес ұйымның жеті қызметкерін - алты әйел мен бір ер адамды елдің солтүстік батысындағы Сваби қаласы аумағында атып кетті, деп хабарлайды жергілікті полиция. Белгісіз біреулер жергілікті клиникадан шығып, шағын автобуспен келе жатқан қызметкерлерге оқ жаудырған. Жүргізуші жараланды. Пәкістандық БАҚ-тардың хабарлауынша, мерт болғандардың барлығы - мұғалімдер. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін