Пәкістен мен Қазақстанның мемлекет басшылары өзара экономикалық байланыстарды нығайтуға сенім білдіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пәкістен мен Қазақстанның мемлекет басшылары өзара экономикалық байланыстарды нығайтуға сенім білдіреді

Пәкістен мен Қазақстанның мемлекет басшылары өзара экономикалық байланыстарды нығайтуға сенім білдіреді

Кеше, 8-желтоқсанда Исламабадта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Пәкістан президенті Первез Мушаррафтың кездесуі өтті. Қазақстан Елбасының Пәкістанға жасайтын екі күндік ресми сапары осылайша Пәкістан президентімен бетпе-бет жеке кездесумен және одан кейінгі кеңейтілген құрамдағы келіссөздермен басталды,- деп хабарлайды Пәкістан телеарнасы.

  • 9 Желтоқсан 2003
  • 603
Фото - Caravan.kz

Екі елдің мемлекет басшысы экономика саласындағы өзара стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін сарапқа салды. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сапар барысында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономика, банкаралық, білім беру және экология салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылады.

Екі президент осы жолы қол қойылатын келісім құжаттары екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты мейлінше пәрменді дамытуға септігін тигізеді дегенге сенім білдірді.
Президент Мушарраф Қазақстан Елбасына өз еліндегі инвестициялық климат және Пәкістанның мүмкіндіктері туралы, шетелдік инвестицияны кеңінен тартуға мүмкіндік берген ел экономикасындағы оңды бетбұрыстар туралы әңгімелеп берді.
Екі мемлекеттің өзара экономикалық байланысы 90-шы жылдардың басынан бері қарқынды дамып келеді. 1993-жылдың қаңтар айында Қазақстан-Пәкістан экономикалық комиссиясының министрлер деңгейіндегі тұңғыш кездесуі өткен болатын. Ал Елбасы осы жолғы сапарында өзімен бірге еліміздің 30-ға жуық кәсіпкерін ала барды. Олар Пәкістандық әріптестерімен мұнай өндіру, ауылшаруашылығы, тоқыма өндірісі тәрізді салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы талқылайды.