Топтық талапарызда жанкүйерлер филиппиндіктің жарақат аланын білмей, билетке, теледидардан тікелей көрсетілімге және Пакьяоға ставкаға миллиондаған доллар жұмсағаны айтылады.
Мэйвезер мен Пакьяо рингте алты жылдай кездесе алмағандықтан, «Ғасыр жекпе-жегі» аталған бұл айқастың билет құны 350 мың долларға дейін жеткен, ал матчты тікелей теледидардан көру үшін америкалықтар 100 доллардан төлеген.
Бұл 400 млн. доллар пайда әкелген бокс тарихындағы ең қымбат айқас болды.
Пакьяо осы аптада емделу курсынан өтеді деп күтілуде.