Палата талқысына шығарылатын дайын заң жобалары белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Палата талқысына шығарылатын дайын заң жобалары белгілі болды

Палата талқысына шығарылатын дайын заң жобалары белгілі болды

Бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палата Бюросының кезекті отырысы өтті.

  • 27 Мамыр 2011
  • 411
Фото - Caravan.kz

Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сарапқа салынды.

Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бірнеше заң жобасын депутаттардың талқысына шығарылатынын хабарлады. Атап айтқанда, «Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобалары бар.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымға дайын екендігін мәлімдеді.

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заң жобасын үшінші оқылымда күн тәртібіне енгізуге дайын екенін хабарлады.

Сонымен қатар Үкіметтен келіп түскен «Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердегі қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялау туралы», «Өнеркәсіптік субсидияларды берудің бірыңғай қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу жөніндегі мәселе қаралды. Бірқатар заң жобалары бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде ұсыныстар жасалды.

Бюро отырысында Мәжілістің заң шығармашылық ісіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.

Соңғы жаңалықтар