Адам өліміне әкеп соққан оқиға осы жылдың 30 қаңтарында Сарыағаш қаласында болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Үйлену тойына дайындық барысында жергілікті тұрғынның үйіне көптеген туыстары жиналған. Үй иесі қызын тұрмысқа бермек еді. Аулада ер адамдар палауға сәбіз турап жатқан. Бұл шаруа үшін үй иелері барлық пышақтарды берген. Сондай-ақ кейбірі өз пышақтарымен келген. (Орта Азия пышағы).
Кенеттен екі туыстың арасында кикілжің туындаған. Нәтижесінде олардың бірі қолындағы пышақты екіншісінің кеудесіне сұғып алады. Барлығы санаулы сәттерде болған. Қанды оқиғаға куә болған өзге туыстары ештеңе істеп үлгере алмапты.
Олар жәбірленушіге көмектесуге тырысып, кеудесінен пышақты шығарды. Алайда, белгілі болғандай, суық қару жүрекке дәл тиген. Жәбірленуші сол мезетте қайтыс болған.
Айыпталушы келген полицияға берілді. Куәгерлер қанды пышақты да көрсетті, бірақ тергеушілер сонымен бірге қылмыс болған жерден кісі өлтіру қаруын дәл анықтау үшін барлық пышақтарды, алып кетті.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.