Палестина БҰҰ-дағы бақылаушы мемлекет болды
Палестина Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты бақылаушы мәртебесін БҰҰ мүшесі емес бақылаушы мемлекет мәртебесіне дейін арттырды, деп бүгін Би-би-си хабарлады. |
Мұны жақтап 138 ел дауыс берді, тоғыз ел қарсы болды, 41 ел қалыс қалды.
2011 жылы Палестин әкімшілігінің басшысы және ПБҰ төрағасы Махмуд Аббас БҰҰ-ға толыұ мүше болып кіруге өтініш берді. Алайда Қауіпсіздік кеңесі қолдамағандықтан, өтініш қанағаттандырылмаған болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін