Палестина Қазақстанға үкіметаралық комиссия және іскерлік кеңес ашу туралы өтініш білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Палестина Қазақстанға үкіметаралық комиссия және іскерлік кеңес ашу туралы өтініш білдірді

Палестина Қазақстанға үкіметаралық комиссия және іскерлік кеңес ашу туралы өтініш білдірді

11-12 шілдеде Қазақстан Республикасының Иордания Хашимиттік Корольдігіндегі Елшісі Болат Сәрсенбаев Палестина Мемлекетіндегі қоса атқарушы Елші ретінде Ромаллада іссапармен болды, деп хабарлады ҚР-ның Палестинадағы Елшілігінің баспасөз қызметі.

  • 15 Шiлде 2011
  • 452
Фото - Caravan.kz

Елші Палестинаның Президент Әкімшілігінің басшысы Хусейн Әл-Ағражбен, Сыртқы істер министрі Риад Әл-Маликимен, Сыртқы істер министрінің Азия және Африка елдері бойынша көмекшісі (министрдің орынбасары лауазымында) Мохаммад Таршаханимен, Сыртқы істер министрінің көмекшісі (Министрдің орынбасары лауазымында) Мунтасир Әбу Заидпен және Ақпарат министрі Ғассан Әл-Хатибпен кездесті.

Кездесулер барысында Б.Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жайында, осы жылы еліміз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өтетіндігі туралы, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығының қорытындылары және 2011 жылы ШЫҰ мен ИЫҰ-ға төрағалық етуі туралы ақпаратты жеткізді.

Палестина басшылары ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевты әрқашан қолдайтындығын атап өтіп, Қазақстанның Палестинаға қолғабыс көрсетіп жатқанына алғыс сөздерін айтты. Жуырда Астана қаласында өткен ИКҰ мүше елдері Сыртқы істер министрлерінің 38-ші сессиясы жұмысында қарсы алып, қабылдағанымыз үшін ризашылықтарын білдірді.

Осыған қоса, Палестина тарабы екі елдің арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияны және іскерлік кеңес ашу туралы өтініш білдірген болатын.

Соңғы жаңалықтар