Палестина ұлттық әкімшілігі «Палестина мемлекеті» деп аталатын болды
Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмұд Аббас Әкімшілікті енді «Палестина мемлекеті» деп атау туралы жарлық шығарды. |
Бұл туралы «Әл-Жазира» телеарнасына сілтеме жасап muslim.kz сайты хабарлады.
Бұдан бөлек, Махмұд Аббас Палестина мемлекетінің елтаңбасы мен мөріне және өзге де рәміздерге өзгерістер енгізуді тапсырған. Оның бұл жарлығы БҰҰ Бас Ассамблеясының Палестинаның мәртебесін көтеру туралы шешіміне сәйкес жарияланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Палестина мәртебесін көтеруді жақтап 138 ел дауыс берсе, 9 мемлекет қарсы болып, 41 мемлекет қалыс қалған еді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін