Палуандар Хельсинкиде Олимпиада ойындарының соңғы жолдамаларын сарапқа салуда - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Палуандар Хельсинкиде Олимпиада ойындарының соңғы жолдамаларын сарапқа салуда

Палуандар Хельсинкиде Олимпиада ойындарының соңғы жолдамаларын сарапқа салуда

Бүгін Финляндияның Хельсинки қаласында еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының ақтық іріктеу турнирі басталды.

  • 4 Мамыр 2012
  • 490
Фото - Caravan.kz


Ұлттық құрама бапкерлері онда Әлем чемпионаты мен Астанада және Тайван қалаларында өткен іріктеу сындарында жолдама ала алмаған үш спортшыға сенім артуда. Олар әйелдер күресінен Айым Әбілдина (55 кг) және грек-рим күресінен Марат Кәрішалов (55 кг) пен Алхазур Оздиев (96 кг). Ел намысын қорғайтын бұл спортшылар Лондондағы ХХХ Жазғы олимпиада ойындарының жолдамасын иелену үшін үздік үштіктің қатарына енуі керек.