Пандемия кесірінен Қазақстандағы кедейлер саны бір жарым миллионға артты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пандемия кесірінен Қазақстандағы кедейлер саны бір жарым миллионға артты

Пандемия кесірінен Қазақстандағы кедейлер саны бір жарым миллионға артты

Коронавирус пандемиясы кесірінен Қазақстанда кедейлер саны бірден бір жарым миллионға артты. Дүниежүзілік банк экономистері осындай мәлімдеме жасады.

  • 14 Қаңтар 2021
  • 43
Фото - Caravan.kz

Банк өкілі Самсу Рахарджа бұған жұмыссыздық пен қымбатшылықтың тікелей әсер еткенін айтады. Ал банктің пандемияға дейінгі болжамын қосқанда елде қазір екі жарым миллионнан астам кедей бар екен. Тек бір ғана Қарағандының өзінде жұқпалы індет өршіген кезде он мыңнан астам адам жұмыссыз қалыпты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дүниежүзілік банк сарапшылары коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстанда кедейлердің саны он төрт пайызға көбейді деп есептейді. Ал індет басталмай тұрып елде кедейлер саны алты пайыз, яғни тұрмысы төмен адам саны бір миллионға жуық болған.

"COVID-19 дағдарысы Қазақстанда кедейлердің санын арттырды деп болжам жасадық. Сараптамаға сүйенсек, алты пайызға, одан қиын жағдайда он төрт пайызға өседі. Алты пайыз дегеніміз бір жарым миллион адам. Кедейлікке әкеп соғатын факторлар: жұмыссыздық пен қымбатшылық", — деді Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы аға экономисі Самсу Рахарджа.

Ерікті Виктория Полякованың айтуынша, пандемия өршігенде әлеуметтік желі арқылы көмек сұрағандар санында шек болмаған. Олардің көбі жұмыстарынан айырылғандар екен.

"Пандемия кезінде еріктілерден көмек сұраушылар көп болды. Әсіресе жұмысынан айырылып қалғандар қиналды. Еріктілер жиналып, әсіресе азық — түлікпен көмектестік", — деді Виктория Полякова.


Төтенше жағдай мен карантиндік шектеулер қарағандылық Мәшкен Шошаеваның отбасына ауыр тиген. COVID-19 жұқпалы індеті кезінде әулеттің барлық мүшесі жұмыссыз қалып, табыстарынан айырылған. Қазір тек Мәшкен ғана жалдамалы жұмысшы ретінде еден жуып жүр. Бар-жоғы қырық мыңға бүкіл отбасын асырау мүмкін емес, дейді ол.

"Пандемия кезінде біз қатты қиналдық. Бала — шағамыз жұмыссыз қалды қазір. Қайда баратынымызды білмейміз. Қолға тиетіні 30-40 мың теңге ол жетпейді, тамаққа жетсе киімге жетпейді. Біріне жетсе, біріне жетпейді, қайда баратынымызды білмей, қиналып қалдық", — деді Мәшкен Шошаева.

Жалпы Қарағандыда пандемия кезінде он мыңнан астам адам жұмысынан айырылған. Әкімдіктің хабарлауынша, қазір олардың сегіз жарым мыңы жұмыспен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар