Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ-тың Қаржы министрлігі коронавирусқа байланысты экономиканы қолдау пакеті бойынша ұсынысын нақтылады: мұнда америкалықтарға 500 миллиард долларға дейін қолма-қол ақша тарату көзделген.
"Салық қызметі мен фискалдық қызметтер бюросын жүргізетін салық төлеушілерге тікелей төлемдердің екі раундына қаржы бөлу және мақұлдау ұсынылады: 6 сәуірден бастап 250 миллиард доллар және 18 мамырдан бастап 250 миллиард доллар төлеу", — делінген министрліктің меморандумында.
Төлем салық төлеушілердің табысына байланысты болады дейді.
Бұдан басқа, қаржы министрлігі шағын бизнесті несиелендіруге 300 миллиард доллар, экономиканың проблемалы салаларының қарыз алу кепілдігіне 150 миллиард доллар және эпидемиядан ауыр зардап шеккен авиациялық индустрияны қолдауға жеке 50 миллиард доллар бөлуді ұсынып отыр.
Бұдан бұрын Дональд Трамптың бас экономикалық кеңесшісі Ларри Кудлоу экономиканы қолдау пакеті рекордтық 1,3 триллион долларға жүзеге асатынын мәлімдеген. Бұл 2008-2009 жылдардағы қаржы дағдарысына бөлінген қаражаттан екі есе көп.
Енді Қаржы министрлігінің ұсынысын АҚШ Конституциясы бойынша бюджет қабылдауға айрықша құқығы бар Конгрес мақұлдауы тиіс.