«Панфилов дивизиясының күні» атап өтілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Панфилов дивизиясының күні» атап өтілмек

«Панфилов дивизиясының күні» атап өтілмек

316-шы атқыштар дивизиясының құрылғанына 70 жыл толуына орай Алматыдағы «Ақпараттық бастама» корпоративтік қоры «Панфилов дивизиясының күні» атты мемориалдық патриоттық акция өткізбек.

  • 11 Шiлде 2011
  • 447
Фото - Caravan.kz

Аталған шара ертең Алматы қаласының 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта өткізіледі.

316-шы атқыштар дивизиясы Алматы қаласында 1941 жылдың шілде-тамызында құрылған болатын. Дивизия жеке құрылымы Алматы қаласының, Алматы облысы,ның Қазақстанның басқа да аймақтары мен Қырғыз елінің әскери міндетті тұрғындарынан жасақталған болатын. 1941 жылдың қазан-қарашасында Мәскеуді қорғау барысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін дивизияға 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы аты беріліп, кейін 1941 жылдың 18 қарашасында Мәскеу облысының Волоколам қаласының тұсында қаза тапқан, дивизияның тұңғыш командирі, генерал Иван Васильевич Панфиловтың есімі берілді. Панфиловшы жауынгерлер Псков облысын, Латвияны, Литваны неміс-фашист жаулап алушыларынан қорғауға қатысты.

Шара бағдарламасында Даңқ мемориалына, генерал Иван Панфиловтың, Бауыржан Момышұлының ескерткіштеріне, 28 панфиловшы-жауынгерлердің мемориалдық белгілеріне гүлшоқтарын қою салтанатты қарастырылған.

Сондай-ақ бұл акцияға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жергілікті атқарушы органдарының, Ресей және Қырғыз Республикалары елшіліктерінің өкілдері, ресейлік, қазақстандық және қырғыз қоғамдық ұйымдары мен жастар бірлестіктерінің қатысуы жоспарланып отыр.

2011 жылы «Ақпараттық бастама» қорының атсалысуы арқасында алматылықтар және қала қонақтары үшін панфиловшы-жауынгерлердің қаһармандық тарихына арналған біршама шаралар, акциялар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылмақ, атап айтқанда 2011 жылдың қыркүйек айында қор белсенділері «316-атқыштар дивизиясының 1941 жылы майданға аттанардағы бұрынғы оқу лагері» атты тарихи-патриоттық шараларын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар