Пара алған жол полициясының бұрынғы бастығы 4 жарым жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пара алған жол полициясының бұрынғы бастығы 4 жарым жылға сотталды

Пара алған жол полициясының бұрынғы бастығы 4 жарым жылға сотталды

Ал Талдықорғанда пара алған жол полициясының бұрынғы бастығына қатысты сот үкімі шықты. Айдарбек Намазбаев тыйым салынған жол белгілерін елемей, көлік жүргізу үшін рұқсат қағаз беріпті. Қызметін 50 мың теңгеге бағалаған подполковниктің дүние-мүлкі тәркіленіп, өзі 4 жарым жыл өмірін түрмеде өткізетін болды.

  • 5 Тамыз 2015
  • 256
Фото - Caravan.kz

Соттың бұндай үкімімен адвокат келісе қойған жоқ, сондықтан апелляциялық шағым жазбақ. Ал Айдарбек Намазбаев шенділердің бірі аяғымнан шалып, осылайша орға түсірді деп отыр. Талдықорған тұрғындары бұған дейін де бірнеше рет подполковник Намазбаевтың жұмыстан кетуін талап еткенін айта кетейік. Тіпті көшелерде осындай мағынада билборд ілген. Бірақ одан ешбір нәтиже шықпады, есесіне өздері жарты миллион теңге айыппұл төлеген болатын. Сот ғимаратының жанында бүгін де сондай азаматтардың бірі плакатқа өз наразылығын жазып келіпті.

Бауыржан Әбдірасов, Талдықорған қаласының тұрғыны:

— Оның әділ жазасын алғанын қалаймын. Одан өзге ештеңе қажет емес. Осыған дейін өзіме 500 мың теңге төлеуіме тура келді. Күш құрылымдарының қызметкерлері заңсыздыққа жиі бой алдырады. Осыған тосқауыл болуымыз қажет. 

Соңғы жаңалықтар